#qyzylordatv

Оқушылар үйінде «Бақытты отбасы» марафонының жеңімпаздары марапатталды. Облыстық психологиялық қолдау орталығы ұйымдастырған шараға облыс бойынша 15 отбасы қатысты.

 Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы-жанұясы. Қызығы сол, сайысқа қатысушыларға, яғни бүлдіршіндер мен олардың ата-анасына, бір ай көлемінде түрлі тапсырма беріліп отырған. Осылайша отбасылық қарым-қатынасты нығайтуды көздедік,дейді ұйымдастырушылар.

 ЖҰМАГҮЛ БАЯНОВА – ОБЛЫСТЫҚ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

 // Бүгін ата-аналар мен біз үшінде қуанышты күн болды. Себебі сәуір мамыр айларында облыстық психологиялық орталықтың ұйымдастыруымен «Бақытты отбасы-2025» марафоны бір ай мерзімде бес күндік шара болған болатын. Жалпы ата – аналар мен балалар бес күн ішінде әр түрлі бағытта жұмыстар жасайды.

 Мәселен, бес күннің бірі «шежіре» күні деп аталды. Ол күні бүлдіршіндер ата-әжелерінің көне альбомдарын қарап, өткен шақтың естеліктеріне көз жүгіртсе, келесі күндері аспаздық шеберліктерін шыңдап, тағамдар даярлапты. Оның барлығы әлеуметтік желіде жарияланып отырған. Марафонға қатысушылар смартфонсыз уақыт өткізіп, отбасының ауызбіршілігін де көрсете білді. Міне, осы сайыстың қорытындысымен үздіктер марапатталып, әннен шашу шашылды.

 ТӨЛЕГЕН СӘБИТ – МАРАФОНҒА ҚАТЫСУШЫ

    // Отбасы адам өмірінің алтын діңгегі, ата-ананың мейірімі, бауырдың қамқорлығы ерлі зайыптылардың арасындағы сыйластық. Бұл адамды рухани байытып қоғамның негізін қалайды. Отбасыдағы берілген тәрбие болашақ ұрпақ үшін өмірлік бағыт бағдар. Сондықтан әрбір отбасыда сүйіспеншілік, түсіністік, сенім мызғымас қағидаға айналу керек деп білемін.

Психологиялық қолдау орталығының құрылғанына бір жылға жуықтап қалды. Осы уақыт аралығында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, балаларды қоғамдық ортаға бейімдеу және отбасымен қарым – қатынасты жақсарту бағытында жұмыстар атқарылып келеді.