#qyzylordatv

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы сақтандыру кеңсесінің басшысы Скендер Сыламен кездесті. Басқосуда, сондай-ақ, аталған ұйымның елдегі өкілдігінің үйлестірушісі Лаура Өтемісова болды. Аймақ басшысы халықаралық ұйыммен ынтымақтастық еліміздің медицина саласының дамуына серпін беретінін айтты. Ал, Скендер Сыла ауқымды жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді.

 «Соңғы жылдары мейіргер мамандар рөлі едәуір артты. Елімізде тәуелсіз мейіргер ісін дамыту – денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға, тұрғындарға қолжетімді, сапалы қызмет ұсынуға бағытталған маңызды қадам», – деді аймақ басшысы. Осы орайда Қызылордада «Қазақстан Республикасында тәуелсіз мейіргерлік қызметтің озық тәжірибелерін енгізу» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді деп күтілуде.