Тілші: Жиеней Кемалов соғыс басталғанда небәрі 10 жаста еді. Қиын кезеңде әкесінен айырылған ойын баласына еңбекке ерте араласуына тура келді. Ардагер тылда жер жыртып, егін егіп, отбасына қамқор болғанын айтады.

Жиеней Кемалов – тыл ардагері

Тілші: Ел басына күн туған шақта нардың жүгін арқалаған бала бүгінде бейнеттің зейнетін көріп отырған қазыналы қария. Отан алдындағы парызын адал атқарған ақсақал бүгінгі ұрпаққа өсиетін айтып, батасын берді.

Жиеней Кемалов – тыл ардагері

Тілші: Біздің кейіпкеріміз соғыстан кейінгі жылдары оқу оқып, білім алып, саналы ғұмырын ағарту саласына арнаған жан. Сол себепті де мектеп ұжымы ұйымдастырған ізгілікті шарадан қуат алатынын айтады.   

Гүлжан Сүлейменова - №267 орта мектеп директорының орынбасары

Тілші: «Тылдағы еңбек болмаса, майданда жеңіс те болмас еді». Расында Ұлы Жеңісті жақындатуда сол заманның ұрпақтарының әрқайсысың қосқан үлесі зор.

Арайлым Байжігітова, Талғат Сыдықов