Қариясын қадірлеген ел ардақты деген. Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Мұхтар Жұмағазиев алдымен қарттар үйіне бас сұқты. Бүгінде әр қилы тағдырмен жалғыз қалған 64 ардагер осы қара шаңырақты мекендейді. Биыл ғимаратқа жаңа медициналық қондырғылар әкелініп, басы ауырып, балтыры жиі сыздайтын қарияларға барынша жағдай жасалды.

Бүгінде Сыр өңірі еліміздегі бірде-бір жетімдер үйі жоқ облыс. Себебі, ата-ана қамқорлығынсыз қалған жеткіншектердің қазір өз анасы, өз үйі мен үлкен жанұясы бар. Отбасылық үлгідегі балалар ауылына барған Мұхтар Жұмағазиев мұндағы жылылықты сезініп, кішкентайларға ағеден тілегін білдірді.   

Мұхтар Жұмағазиев – Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары

Жетімін жылатпай, балаларға отбасылық қамқорлық сыйлаған қызылордалықтардың игі ісі көпке үлгі. Енді дәл осындай балалар ауылы Ақтөбе облысында да жалғасын таппақ.

Ә.Жақанов, Б.Абасилов