#qyzylordatv
Облыс бойынша жыл басынан бері көрсетілген мемлекеттік қызмет түрлеріне 9 бақылау іс-шарасы жүргізілді. Нәтижесінде екі мыңнан астам бұзушылық анықталып отыр.
Өткен үш айда аймақ тұрғындарына 1 млн 375 мыңға жуық мемлекеттік қызмет түрі көрсетілген. Оның 98 пайызы электронды түрде. Аумақтық департаментпен осы көрсетілген қызметтерге бақылау жүргізіліп, бірқатар кемшілік анықталды. Атап айтсақ...
НҰРЖАН СҮЛЕЙМЕНОВ, ОБЛЫС БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ІСТЕРІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзу 506, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту мерзімдерін бұзу 186, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзу 1 143, қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту – 549, құжаттар топтамасы толық болмаған кезде мемлекеттік қызметтер көрсету 1, өзге де бұзушылықтар 17 дерек анықталып отыр. Жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары бойынша сұрау салу арқылы тексеру нәтижесінде 12 бұзушылық анықталды
Қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру - күн тәртібіндегі мәселелердің бірі. Осы мақсатта қызмет алушылардан келіп түскен шағымдардың негізінде жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, 5 азаматтың өтініші қанағаттандырылды.
ЗУХРА АРЫНОВА, ОБЛЫС БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ІСТЕРІ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ
Мәселен, департаментпен қала тұрғынының қосымша жер учаскесін жеке кәсіпкерге заңсыз табыстау мәселесіне қатысты шағымының негізінде Қызылорда қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі мен Қызылорда қаласының ауылшаруашылығы мен жер қатынастары бөліміне сұрау салу арқылы тексеру жүргізілді. .. Тексеру нәтижесімен жеке кәсіпкерге қосымша жер учаскесін табыстау туралы Жер комиссиясының хаттамалық оң шешімінің күші жойылып, 3 отбасы тұратын барак түріндегі құрылысқа қызмет көрсету үшін арналған жер учаскесі тұрғындарға кері қайтарылып, шағым білдірген азаматтың бұзылған құқықтары толықтай қалпына келтірілді