#qyzylordatv

Қызылордалық жастар арасында интеллектуалды сайыс өтті. «Достық пен бірлік – мәңгілік құндылық» атты іс-шараға түрлі этнос өкілдері мен жастар ұйымдарының мүшелері қатысты.

 16 командаға бөлінген жастар бірнеше кезең бойынша логикалық және шығармашылық тапсырмаларды орындады. Нәтижесінде қатысушылар командалық ауызбіршілік пен жылдам ойлау қабілетін көрсетті. Сайыс қорытындысы бойынша 1 орынды «100 теңге», 2 орынды «Айтарым бар», 3 орынды «Сен ауыл мен қала» командалары иеленді. Жеңімпаздар дипломдармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

МЕДЕТ ЖОРАБЕК, ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Сайыстың негізгі мақсаты – жастар арасында ауызбіршілік ынтымақтастықты нығайту және достық қарым-қатынастарын және тәжірибе алаңын құру болып тбылады. Жалпы мұндай сайыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде ұйымдастырылып, жастардың логикалық және интеллектуальды білімдерін арттыру бағытында орталық өз жұмыстарын жалғастыратын болады.

 ИКРАМ ЖАЛДЕШ, ҚАТЫСУШЫ

Бұл сайыстан күтетін нәрсеміз өте көп. Осы оқушыларға арнап жүлде қоры жасағаны, менің ойымша осы оқушыларға мотивация береді деп ойлаймын.