Ащы да болса шындық, статистикалық мәліметке сүйенсек соңғы 10 жылда елімізде 15-19 жас шамасындағы отыз қыздың біреуі жүкті болып қалады екен. Тіпті, кәмелеттік жасқа толмаған қаракөздеріміздің арасында түсік тастау көбейіп келеді. Ауруын жасырған өледі, оның ішінде масқарасы, сырбойылық сұлулардың саны аз емес. Ерте жыныстық қатынасқа түсудің нәтижесінде өңірде сифилис ауруымен ауыратындардың қатары артқан. Мұны мамандар растап отыр.

 Райымбек Сисемалиев  - БҰҰ Қазақстандағы атқарушы өкілі

\Ерте жүктілік бүгінде  Қазақстанда үлкен проблемаға айналып отыр. 15-19 жас аралығындағы қыздардың босануы Еуропа елдерімен салыстырғанда әлдеқайда көп. Қазақстанда мың қыздың ішінде 35  пайызы жоспарсыз жүкті болып қалса, олардың 4-5 еуі түсік жасатады. Ал, Қызылорда облысында мың қыздың 49,8 пайызы ерте жастан жүктілі болып қалады. Бізді алаңдатып отырғанда осы мәселе. Болашақ аналардың тағдыры. Сондықтанда валеология курсын енгізіп отырмыз\

Арнаулы орта білім беру мекемелеріне валеология пәнін енгізудің де мақсаты осы. Кәмелеттік жасқа толмағандардың арасында жыныстық қатынастың алдын алу және жоспарсыз жүктілікті болдырмау. Пилоттық жоба осыдан үш жыл бұрын Шығыс Қазақстан облысында басталған болатын. Жиында сөз алған Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының өкілі тәжірибесімен бөлісіп, жобаның нәтижесіне тоқталды.

Бағдат Сибанбаева - ШҚО облыстық білім басқармасының өкілі

Айта кету керек, тұрмысқа шықпай жатып жыныстық қатынасқа түскен қыздардың 17 пайызы бала көтеру қабілетінен айрылады. Сондай-ақ, түрлі жұқпалы ауруларға шалдығады. Мамандардың айтуынша, жыныстық қатынастың құрбанына ауылдан келген қыздар жиі ұшырайды. Себебі, әке мен ұлдың, ана мен қыздың арасында ашық әңгіме, сырласу жүрмейді. Ата-ана кәмелеттік жасқа толмаған ұл-қызына жыныстық қатынастан сақ болып, аяғын аңдап басу керектігін үнемі ескертіп отыру керек. Сонда өкінішті жағдайлар орын алмас еді.

Ә.Жолтаев, Ш.Абаев