#qyzylordatv

Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры Шыңғыс Айтматовтың «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет» драмасын сахналады.

 Қойылымда теңізге шығып, адасып қалған төрт адамның тағдыры көрініс табады. Толқынмен арпалысқан, өмір үшін күрескен, еркіндікке ұмтылған кейіпкерлердің образы көрермен көңілінен шықты. Қостанайлық өнер ұжымы халықаралық фестивальге ерекше дайындықпен келіпті.

АСХАТ ЗАУАТБЕК – ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ //Режиссері беларусиялық мамандар Даниил Филиппович және Вадим Дубовик. Терең мағыналы, терең философиалы шығарма. Жанры драма. Бұл Қазақстанда көптеген театрлар қоюға жүрексінетін шығармалардың бірі. Біз әртістеріміздің мүмкіндіктеріне, ниетіне қарай осы шығарманы таңдадық. Биылғы жылы премьерасын берген болатынбыз, енді осы фестивальге қатысуға бел будық//

ОЛЖАС БЕГАЙДАРОВ – ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ АРТИСІ // Спектакль сәтті шығуы үшін оған уақыт көп талап етеді. Уақыт аз болды, бір айдай дайындалдық. Жаман емес деп ойлаймын, көрерменнің қабылдауы бойыншы. Бұл рөлді Кирискті бірінші рет сомдап отырмын. Бұған дейін біраз рөлдерді сомдап жүрмін ғой, бірақ автордың өзін, жас баланың рөлін сомдап шығу қиын болды//