#qyzylordatv
Биыл 2700-ге жуық жас Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетін тәмамдайды. Осы түлектерді жұмыспен қамту мақсатында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.
Түлектерін жұмыспен қамту оқу ордасының алға қойған басты міндетінің бірі. Осы мақсатта университет жанынан «жұмыс берушілер кеңесі» құрылып, әріптестік байланыс нығайған. Соның нәтижесінде былтыр Қорқыт ата университетін тәмамдаған түлектердің 81 пайызы жұмысқа орналасыпты. Ал, кезекті жәрмеңкеге қаладағы 26 мекемеден 200-ден астам бос жұмыс орны ұсынылды. Денсаулық сақтау, білім беру, өнеркәсіп, мұнай-газ саласы мен мемлекеттік қызметке де вакансия ұсынылды.
ЕРЛЕГЕН МЕНДАЛИЕВ – ОБЛЫС БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ //Бұл шара өткен жылы да өткізілген. Бұл жердегі негізгі мақсат – университет түлектеріне бос жұмыс орындарын ұсыну. Біздің өзіміздің аумақтық департамент мемлекет қызмет саласында болған соңғы өзгерістер әсіресе, ЖОО бітіруші мемлекеттік грантпен бітіретіндерге заң шеңберінде енгізілген ақпараттарды жеткізу. Былтырғы жылы 10 студент мемлекеттік қызметте бос тұрған лауазымға тағайындалды. Бұл жұмысты әрі қарай жалғастыратын боламыз.//
Сондай-ақ, жәрмеңкеге тұрақты жұмысы жоқ қала тұрғындары да қатысты.
ШЕКЕР АЙТБАЕВА – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ //Бос жұмыс орындары жәрмеңкелерінің пайдасы өте көп. Себебі, көп жастар жұмыссыз жүр. Сондықтан осындай іс-шаралардан жұмыс табу деген үлкен мүмкіндік. Менде жұмыспен қамту орталығынан естіп, осында келдім. Міне, жеке кәсіпкердің дүкеніне сатушы болып жұмысқа орналастым.//
Іс-шара аясында қаладағы бірнеше колледждердің қатысуымен ашық есік күні өтті. Онда студенттер мектеп бітіретін оқушыларға кәсіптік-техникалық мамандықтар туралы айтып, сұрақтарына жауап берді.
Былтыр қызылордалық бірнеше жас осындай жәрсмеңкенің арқасында жұмысқа орналасқан. Жас кадрларды жұмысқа тарту биыл да жалғасады.