#qyzylordatv
Сыр өңірінде алғаш рет спорт саласы мамандарының біліктілігін арттыру курсы басталды. Бір апта бойы өтетін шеберлік сабағына қатысуға еліміздің әр аймағынан 200-ден астам маман арнайы келген.
Оларға курс барысында спорт саласындағы заңнамалық өзгерістер мен жұмыс жүйесін жетілдіру жайы түсіндіріледі. Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алу кезінде мамандар тарапынан жиі орын алатын қателіктер сараланып, қаржылық сауаттылықты арттыру тетігі таразыланбақ. Айта кетейік, өңірде алғаш рет бастау алған тағылымдамалық жиын аймақ басшысының тікелей қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Ал шеберлік сабағын туризм және спорт министрлігіне қарасты республикалық әдістемелік талдау орталығының мамандары жүргізеді.
БАҚТИЯР АРТАЕВ – ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ, СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ /Мемлекет басшысы спорт саласында жаңа заңға қол қойды. Онда ротация, легионерлерге мемлекет қаржысын жұмсамау деген секілді талаптар көзделген. Сол бастамалар аясында облыс әкімінің қолдауымен осындай үлкен семинар өткізіп жатырмыз. Бұл мемлекет басшысының кеше ғана берген тапсырмасына байланысты арнайы оқу орталығының мамандарын жедел алдыртып, осындай курсты қойып отырмыз/
ҚЫДЫРБЕК РЫСБЕК – РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ТАЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ / Спорттық жарыстарда жаттығу үдерісін жоспарлау мәселесі, сонымен бірге мемлекеттік сатып алу мәселесіне байланысты түйінді сұрақтар бар. Содан кейін спорт әдіскерлеріне қатысты әдістемелік дүниелер бар. Міне осы бағыттарда бір апталық курс өтеді.../