Қала әкімі Асылбек Шәменов «Бизнеске арналған Үкімет» ғимаратының ашық алаңында кәсіпкерлерді қабылдады. Кездесуде бизнес өкілдері салалық мәселелер бойынша сауалдарын жолдаса, кәсібін жаңадан жоспарлаған тұрғындар мамандардан кеңес алды, деп хабарлайды "Қызылорда" телеарнасы.
Шағын және орта бизнесті дамыту экономикалық тұрғыда өрлеуге жол ашады. Осы арқылы халықтың әлеуметтік ахуалы түзеліп, жұмыс орындары көбейеді. Сондықтан шағын және орта бизнесті әрқашан қолдаймыз, деді қала әкімі.Айта кету керек, «2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба» аясында қала бойынша құны 3,5 миллиард теңгені құрайтын 85 жоба қолдау тапқан.