#qyzylordatv

Қызылорда телеарнасының шығармашылық тобы соғыс жесірі Райхан Шомаеваны қалай тапты? 100 жастан асқан кейуанамен сұхбат жүргізген фильм авторы Нұрбек Әмишаның репортажында.

Екінші жақан соғысынан қайтпаған сарбаздардың тағдыры, онан оралмаған боздақтардың тағдыры және олардың елде қалған зайыптарының, жесірлерінің тағдыры туралы мәлімет іздегенімізде жалпы Қазақстан бойынша соғыс майдангерінің жесірі қалғанын білдік. Соның бірі мына біз тұрған Жамбыл облысы, Байзақ ауданы Жақаш ауылындағы Райхан Шомаева әжеміз. Қазір 100 жастан асқан Райхан әжеміздің трагедиялы тағдыры туралы сөз қозғаймыз.

 Біз келгенде Райхан Әлібайқызы Шомаева сұхбатқа дайын отыр екен. Көпті көрген, көп жасаған кейуананы шаршатып алмайық деп түсірілім жұмысына кірісіп кеттік.

 Райхан Әлібайқызы құжат бойынша 1915 жылы туған. Алайда өзінің шамалауынша қазір жасы 100-ден енді асты. Ашаршылықты да көрген. Атасы Өсер мен әкесі Әлібайдың малын большевиктер кәмпескелеген. Бір әулеттің 9 баласынан жалғыз өзі ғана аман қалыпты.

РАЙХАН ӘЛІБАЙҚЫЗЫ – II ДЖС ЖЕСІРІ

 Әке-шеше енді... Ол уақытта байдың малдары болды ғой. Бәрі сол уақытта байдың малының арқасында жүрді. Соны бағады- қағады. Сонан алатынын алады. Ішетінін ішеді, жейтінін жейді. Сөйтіп қошемет қып күн көрген ол кісілер.

 Тағдырдың тәуқыметі ме, балиғат жасқа толып, Нәметқұл Шомаев атты жігітке тұрмысқа енді шыққанда күйеуі сотталып кете барады. Бұл Екінші Жахан соғысының өрті тұтанғалы тұрған кез еді.

РАЙХАН ШОМАЕВА – II ДЖС ЖЕСІРІ Үйге жеткенше жылап келдім ғой. екі ортада азғантай жер. Тіледім ғой, тілемек түгілі талай жыладым ғой аңырап. Әйелдің жұмысын еркекке салмасын, еркектің жұмысын Құдай әйелге салмасын.

 Нәметқұл Шомаев соғыста опат болады. Екі баламен қалған Райхан апа жан азабы, жар азабын тартып, жесірлік деген тауқіметті тағдырға мойынсұнады.

Медетбеков Мәдеш – 1936 жылы туған

 Осы кісілерді қоримыз біз енді. Бұл кісілерге қарауылмыз. Ешкімге тигізбейміз. Жүреміз. Бұл кісілер жұмысын істеп келеді. Шаршап келеді. Үй тірлігі бар

Ғазиза Мадимарова – Райхан Шомаеваның немересі

 мен өзім көп әжемнің тәрбиесін алғанмын. Қазір отбасылымын. Апамның өмірі көз алдыма елестеп, өзімнің бала кезім есіме түсіп, апамның өмірі көз алдымда, балалық шағым көз алдымда.

 «Соғыс жесірі» деректі фильмінің басты кейіпкері, соғыстың көзі тірі жесірі Райхан Әлібайқызы түсірілім тобына батасын берді. Алдымызда құнды кейіпкер, зұлман заманның зарлы куәгері, тұтас дәуірдің өкілі отырғандай күн кештік. Ол ұлтымыздың ұлы апаты аштық жылдарының, сұм соғысты басынан өткерген мұңлықтардың аманат сөзін жеткізіп отырғандай көрінді бізге. Сөздің қалғаны деректі фильмде айтылар.