Германия астанасы Берлинде «Wostok» баспасы шығарған «Мұстафа Шоқай: "Ұлт бостандығы - ұлттық рухтың нәтижесі" атты неміс тіліндегі кітаптың тұсаукесері өтті. Бұған Қазақстанның Германиядағы елшілігі мен Неміс-Қазақ қоғамы ұйытқы болды.
Кітапта Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті "Мұстафа Шоқай" ғылыми орталығынан алынған материалдар негізінде Түркістанның азаттығы үшін күрескен қайраткер туралы мол мағлұматтар қамтылған. Сондай-ақ жинаққа Бақыт Садықованың «Мұстафа Шоқай» және Мария Шоқайдың «Менің Мұстафам» атты еңбектері енген. Кітаптың тұсаукесер рәсімінде Сыр өңірінен арнайы шақырылған "Мұстафа Шоқай" ғылыми орталығының ғылыми жетекшісі, профессор Әбдіжәлел Бәкір дәріс оқыды.
ӘБДІЖӘЛЕЛ БӘКІР - МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, МҰСТАФАТАНУШЫ
//Мұстафа Шоқайдың рухы биіктігі әлемге танылғандығы бүгін тағы да айқындалды. Тағы да айтылып жатты. Меніңше М.Шоқайды танудың жаңа бір белестері басталған сияқты.
ТОМАС ХЕЛЬМ – НЕМІС-ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
// Өткен ғасырдың басындағы тарихта үлкен олқылық бар деп есептеймін. Сондықтан оларды толтыру керек. Шоқай Қазақстан тарихында үлкен рөл атқарды. Кітапта оның өмірінің әртүрлі кезеңдері қамтылған. Біз Германияда Америка мен Францияның тарихын жақсы білеміз, бірақ сіздің тарихыңызды жақсы білмейміз. Сондықтан мұндай кітаптарды неміс тіліне аудару өте маңызды.