Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің базасында ашылған жасанды интеллект және информатика жоғары мектебінің жұмысымен танысты.
Мемлекет басшысы еліміздегі жоғары оқу орындарында жасанды интеллект саласындағы кадрларды даярлау үшін зерттеу жүргізетін орталықтар ашу жөнінде тапсырма берген болатын. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің базасында құрылған мектеп осы үдеден шығуды көздейді. Бүгінде өңірде IT саласына қызығушылық танытатын жастар көп. Олар түрлі жобалар дайындап, бизнес идеяларын жүзеге асырып келеді. Мәселен, бизнес-инкубатор резиденті Айбек Оразбақов «TechAI мұғалім көмекшісі» мен «Онлайн паркинг» жобасын ұсынса, Темірлан Жұмабек пен Бақдаулет Есенбек «Жалған ақпаратты анықтайтын детектор» құрылғысын ойлап тапқан. Ал, Еркебұлан Мырзабек пен Ербол Сәдібеков әкімшілік жұмыстарды автоматизациялау мақсатында жасалған «AiDOS» атты жобаларын таныстырды.
МҰРАТ ӘБЕНОВ – ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ
//Бұл мектепте компьютерлік салаға қатысты төрт мамандық бойынша кадрлар даярланады. Сеул университеті ең мықты университеттердің бірі. Ұстаздарды қайта оқытуға, студенттерді дайындауға, материалдық техникалық жабдықтауға өздерінің қаржысын жұмсайды. Бүгінгі күннің өзінде көріп отырмыз көптеген жобалар іске асып жатыр екен.//