«Бәйтеректегі» жол мәселесі қашан шешіледі?
#qyzylordatv
Жолдың жайын жүрген біледі. Халық арасында Бәйтерек 3 және Бәйтерек 4 аталып кеткен екі аумақтың арасын қосатын 14-ші көшеде асфальт та, жарық та жоқ. «Жауын жауса бұл маң ми батпаққа айналып, жүргіншілерге қиындық туғызып отыр» дейді қала тұрғындары. Жағдайын жеткізген жұртшылықтың мәселесін тілшіміз зерделеп көрді.
Төрт жылдан бері «Бәйтерек» шағын ауданында тұратын Алмас Сырғабаев жол мәселесін жауапты мамандарға бірнеше рет жеткізген. Биыл жаңа көпір салынып, асфальт төселгенде тұрғындар үшін маңызды көше қалыс қалды деп қынжылады.
АЛМАС СЫРҒАБАЕВ – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Биыл жазда халықтың атауымен айтқанда Қойкөпір деп аталатын жерден жақсы мост салып Бәйтерек бетке өткізіп берді. Оған рақметіміз шексіз. Соның 25 жүретін үлкен жол бар. Соған дейін асфальттап келді де, осы асфальттан 22-25 жүретін үлкен көше бар. Соған дейін мына көшенің ұзындығы 900 метр екен. Соны неше жылдан бері, мост салынғаннан бері бір-екі рет барып ескертіп айтқанмын. Осы екі көше қалып қоймасын, екі ортасын қоссақ, дұрыс болар еді деп. Оның бер жағында олар бұрынғы мостыға дейінгі бір жағында халық жоқ, свалка, бір жағында жартылай үй бар, сол көшені асфальттап тастаған. Ол жақпен халық жүрмейді де, маршрут та жүрмейді. Ол тупик жақ .Қазір сұрайтынымымыз неге мына жол асфальтталмай қалды? Ескертіп едік.
Ал осы шағын ауданның тұрғыны Жаңбырбай Аппазовтың қолында 5 немересі бар. «Көшеде жарық болмаған соң кеш қарая мектептен қайтатын бала-шағаға алаңдаймыз. Қаңғыбас иттер де көп» дейді ол.
ЖАҢБЫРБАЙ АППАЗБАЕВ – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Мен осы жерде 5 жылдан бері тұрамын. Мына көшеде балдарға жарық жоқ. Түнде мектептен қайтуы қиын. Есіктің алдында яма көп. Жарық болмағасын ит деген көп. Жылдың аяғында қалдық ақша болады, соған қалған жерлерді жасап берсе.
АНАР ҚОЙЛЫБАЕВА – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Основной осы 14-ші көше ғой бізге керегі. Бәйтерек 3 пен 4-ті жалғайтын негізгі көше. Қыстың күндері мына жер балшық болады, балалар мектепке зорға барады. Осыған асфальт салып, көмегі тисе дейміз. Бізде балабақша жоқ, одан қалды емханалар жоқ. 6 емханаға қараймыз. Бәйтеректе мәселе көп қой. Құдықтардың беті ашық тұрады. Освещение жоқ. Көшелерде кабель жоқ. Жеке жеке үйлеріне тартып алған. О баста берілген дейді. Көшіп келгенде оны көрген жоқпыз.
Тұрғындар көтерген мәселенің тағы бірі – электр жарығы. «Бәйтерек» үшінші аумаққа электр бағаналарын орнатқанымен желісі қолды болған көрінеді.
АЛМАС СЫРҒАБАЕВ – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Одан кейін айтатын бір мәселе Бәйтерек 3-те бүкіл цемент бағаналардың бәрі тұр. Басында кабель жоқ. Бәйтерек 2-ге де барып, ол жақта биыл 20 дан астам тас жол салынды. Кабельдің бәрі тұр. Бір үй жоқ ол жқта. Олардың айтатын себебі, кезінде бюджеттен ақша алынып, салынған. Кейіннен ұрланып кеткен. Бюджетке ақша сала алмаймыз деген уәж айтады ғой. Бәйтерек 2 де он жыл өтті, кабельдің срогы өтіп жатыр, соны мына жаққа салайық деген әңгімені талай айттым.
Мәселенің мән-жайын көріп, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне хабарластық. Олардың сөзінше, он төртінші көше келер жылы асфальтталады.
БЕРДІБЕК ШӨКЕНОВ – ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ М.А
Бәйтерек шағын ауданында ағымдағы жылы тұрғындар сұранысына сәйкес, Қызылжарма каналы арқылы көпір құрылысы жүргізілді. Құны 975 млн. Яғни көпір мәселесі шешілді. 14 көшеге келетін болсақ, асфальт төсеу жұмысы келер жылға жоспарланған. Биыл атқарылған жұмыстардың ішінде көпірден өткесін, «Бәйтерек» мөлтек ауданынан кейін ар жағында қиыршық тас жол болатын. Сол жолды каналдан өткен көшеге дейін жалғадық. Ұзындығы 700 метр. Дегенмен Бәйтерек мөлтек ауданында асфальт төсеу жұмыстары жүргізіліп келеді.
Тұрғындар мәселе созбалаңға салынбай тезірек шешілсе екен дейді. Ал жауаптылар келер жылға дейін күте тұруға тура келетінін айтып отыр.