Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Бектенов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі болып тағайындалды.

Олжас Абайұлы 1980 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын Алматы қаласы Әділет басқармасы бөлімінің бас маманы ретінде бастаған ол 2005-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінде заң бөлімінің сарапшысы, бас сарапшысы қызметтерін атқарған. Әр жылдары Президент Әкімшілігінде, Әділет министрлігінде, Экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің орталық аппаратында, Астана қаласы әкімінің аппаратында жұмыс істеді.

      2017-2018 жылдары Ақмола облысы әкімінің орынбасары, 2018-2019 жылдары Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары, 2019-2022 жылдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары болды. 2022 жылдың ақпанынан 2023 жылдың сәуіріне дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы лауазымын атқарды. Ал, 2023 жылдан бүгінгі күнге дейін Президент Әкімшілігінің Басшысы қызметінде болды.