#qyzylordatv  

Титов шағын ауданында 400 орындық емхананың құрылысы жүргізілуде. Ел көптен күткен медициналық нысан жыл соңына дейін ел игілігіне беріледі.


 Бұл шағын ауданда тұратын 36 мыңға жуық тұрғын көптен күткен емхана екені рас. Қайтарылған активтер есебінен бой көтерген нысанның бүгінде үшінші қабатын қалау жұмыстары жүргізілуде. Денсаулық сақтау нысаны ашылған уақытта толықтай медициналық-құрал жабдықпен қамтылып, 300-ден астам медицина қызметкері жұмыс істейтін болады. 


 АЛМАС ӘБІЛПАТТА – ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

 Мемлекет басшымыздың қолдауымен қаламыздың шет аймағы Титов қыстағында 400 келушіге арналған, қайтарылған активтер есебінен арнаулы мемлекеттік қордан 9,8 млрд ақша бөлініп, жаңа медициналық нысан бой көтеруде. Бұл медициналық нысан өз кезегінде заманауи медициналық техникалармен толық қаматмасыз етілетін болады. Оның ішінде 128 кескінді компьютерлік томограф, 4 заманауи УДЗ аппараттары, рентген аппараттары. Қазіргі таңда құралыс қарқынды жүруде. +Осындай медициналық обьектіге қолдау көрсеткен президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлына Сыр жұртшылығы атынан алғыс білдіреміз. 


Айта кету керек, қаланың сол жағалауында да 300 орынға арналған онкологиялық төсек-орны бар көпбейінді аурухананың құрылысы жүргізілуде. Бұл жұмыстар қыркүйек айында аяқталады.