#qyzylordatv
Биыл елімізде 12 мың шақырым инженерлік желі жөнделеді. Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асырып жатыр.
Қазір жылу жүйелерінің 50%-ы тозған. Ал электр желілерінің 66 пайызы ескірген. Олар алдағы үш жыл ішінде жаңартылады. Ұлттық жоба аясында отандық өнеркәсіпті қолдауға да ден қойылмақ: коммуналдық секторды жаңартуға қажет жабдықтың барлығы дерлік отандық өнім. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардан бөлек, 27 жаңа өндіріс орны ашылады. Жобаға 13 триллион теңге бөлінген.
АСАН ДАРБАЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ
Оның ішінде коммуналдық секторға – 6,8 трлн теңгені және энергетика секторына – 6,2 трлн теңгені құрайды. Нәтижесінде желілік инфрақұрылымның тозуы ел бойынша орташа есеппен 40%-ға дейін қысқарады деп күтілуде.