#qyzylordatv
Облыс аумағындағы электр желілері мен қондырғылардың 60 пайызы тозған. Осыған байланысты биыл өңірде 605 шақырым әуе желісі және 190 қосалқы станция қайта жаңғыртудан өткізілуде.
Күн райы күрт бұзылса, жылп етіп жарық өшеді. Мамандар мұның себебі: электр желілерінің ескіруінен дейді. Бұл мәселені шешудің басты жолы – тозығы жеткен трансформаторлар мен бағаналарды жөндеп, тоқ сымдарын жаңарту. Облыста осы бағытта бірқатар жобалар жүзеге асырылып жатыр. Қазір аймақта жалпы қуатылығы 148 МВТ-ты құрайтын 5 күн электр станциясы жұмыс істейді. Алдағы уақытта қуаты 234 МВт құрайтын 1 жел электр станциясы мен 5 күн электр станциясының құрылысын салу жоспарлануда.
БАУЫРЖАН ІЗМАҒАМБЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҮКШ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
ДИКТОР КАДР СЫРТЫНДА: Енді ауыз су мәселесін тоқталсақ, Арал, Қазалы аудандарының 160 мыңнан астам тұрғынын тіршілік нәрімен қамтып отырған Арал-Сарыбұлақ топтық су құбырының 80 пайызы тозған. Осыған байланысты жаңа жоба басталып, қайта жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр.
БАУЫРЖАН ІЗМАҒАМБЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҮКШ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ Ұзындығы 238 шақырымды құрайтын Арал-Сарыбұлақ топтық су құбырының 2 тармағын салу жобасы іске асырылуда. 2025 жылы 23 шақырым су құбырының құрылысы аяқталды. 2026 жылы 10 шақырым су құбырының құрылысы жүргізілуде.