#qyzylordatv
Ойнап жүріп сұқ саусағын бұрандаға тығып алған балақайға құтқарушы шақыруға мәжбүр болды.
Оқиға кеше түнде сағат 21:30 шамасында болған. 7 бастағы баланың саусағынан гайка өздігінен шешілмеген соң, облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер құтқарушылардың көмегіне жүгінді. Мамандар арнайы кескіш құралдың көмегімен бұранданы кесіп алып тастады.