#qyzylordatv #заңментәртіп
«Адам саудасы – ауыр қылмыс». Елімізде осындай атаумен ауқымды ақпараттық науқан өтуде. Бүгін Маңғыстаудан Алматыға бағыт алған үгіт-насихат пойызы Қызылордаға тоқтады. Жолаушылар пойызында арнайы штаб құрылған.
Штабта полиция қызметкерлері, заңгерлер және өзге де мамандар жолаушыларға тегін құқықтық кеңес беріп, анонимді сауалнама жүргізеді. Олар әр ірі қалалардың темір жол вокзалында жолаушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ақпараттық жадынамалар таратып келеді. Басты мақсат – адам саудасының алдын алу, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру. 24 шілдеде жолға шыққан штаб өкілдері сапарын 30 шілде – Бүкіләлемдік адам саудасына қарсы күрес күні Алматы қаласында қорытындылайды. Құқықтық іс-шара қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайтуға бағытталған.
АЙДАР АБУТХАНОВ - МАҢҒЫСТАУ ОПД ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ
Маңғыстау облысынан Алматы қаласына қарай пойызбен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Адам саудасы психологиялық түрде құжатын алып қою болмаса сексуалды түрде, заңға қайшы іс-әрекеттің бәрі адам саудасы болуы мүмкін.
ӘЛІМЖАН ЕСПАЕВ - ҚЫЗЫЛОРДА ОПД ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ
Маңғыстау қаласынан Алматыға пойы өтті. Ол пойызда біздің жедел штаб құрылған. Басты мақсаты – адам саудасының алдын алу, пойыздың барлық жолаушыларына құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру және әрбір азаматтың қауіпсіз өмір сүру құқығын қорғау болып табылады