#qyzylordatv #тазақазақстан 

Жыл басынан бері жүргізілген ғарыштық мониторинг нәтижесінде 51 заңсыз қоқыс орныы анықталды.


Кезекті заңсыз қоқыс алаңы әуежай мен Бесарық ауылына апарар жолдың қиылысында анықталды. Мұнда, құрылыс қалдықтары мен бүлінген үй жиһаздары және төрт түліктің терісі жатыр. Ғарыштық түсірілім арқылы анықталған орынға мамандар арнайы техниканы шақыртып, тазалау жұмыстарын жүргізді.

Айта кетейік, дәл осындай заңсыз күл-қоқыс тасталған аумақтарды ерте анықтау мақсатында Экология министрлігі мен «Қазақстан Ғарыш сапары» акционерлік қоғамы арасында меморандум жасалған. Соның нәтижесінде ғарыштық түсірілім арқылы облыс аумағында заңсыз қоқыс аумақтары анықталып, оларды жою жұмыстары кезең кезеңімен жүзеге асырылып жатыр.


НҰРСҰЛТАН ӘБІЛДАЕВ – ОБЛЫСТЫҚ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ 

Қызылорда облысы бойынша экология департаменті облыс аумағында заңсыз қоқыс орындарының алдын алу, жою және анықтау мақсатында жүйелі түрде іс-шара жоспарлары жүргізіліп келеді. Рейдтік іс-шара барысында анықталған заңсыз қоқыстар бойынша жергілікті атқарушы органдарға тиісті ұсынымдар беріліп, оларды жою және аумақтарды санитарлық-экологиялық тазалау жұмыстары ұйымдастырылуда.