#qyzylordatv
Әскери ережеде әрбір сарбазға қару-жарақ ресми түрде беріліп, жеке жауапкершілікке бекітіледі. 55 те 47 әскери бөліміне бір ай бұрын қабылданған 200 жуық жас сарбазға қару табысталды.
Бұл Жетісу облысынан келген жиырма бес жастағы жауынгер Ақжол Тұрсынғалиев. Ол әскерге дейін білім саласында жұмыс істеген. Оқушыларға сабақ берген жас маман енді өзі де әскер деген үлкен мектепте тәрбиеленуде.
АҚЖОЛ ТҰРСЫНҒАЛИЕВ – ЖАС САРБАЗ
Жас ерекшелігіне қарамастан әскери қызметімді атқаруға келіп тұрмын. Себебі әскери қызмет атқаруы әрбір азаматтың борышы.
Ақжол секілді 200-ге жуық жас сарбаз бір ай бұрын Отан алдындағы борышын өтеуге келген. Мұндағы темірдей тәртіп төзімділік пен сабырлыққа, шыдамдылыққа шыңдап келеді. Қызығы сол, атыс алаңында мергендігімен көзге түскендері снайпер секілді жауапкершілігі жоғары қаруды иеленуде. Жас жауынгерлер өзіне бекітілген қару-жарақты қабылдау арқылы жауынгерлік кезекшілікке, оқу-жаттығу сабақтарына және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қызметтерге қатысуға мүмкіндік алады.
ЕЛДОС АСАН – ТІЛШІ
Бұл калашников автоматы. Салмағы шамамен 3-4 келі. Сарбаздар енді бір жыл бойы осы қаруды асынып жүреді. Бірақ, осы автоматтың емес, жауынгерлерге жүктелетін жауапкершіліктің жүгі ауыр. Себебі, қару асыңған сарбаздың артында елдің тыныштығы тұр.