#qyzylordatv 

«Аутизм» диагнозы 21 жастағы қала тұрғыны Ілияс Дәуеннің университет бітіріп, IT саланың маманы атануына кедергі келтірмеді. Отбасының қолдауы мен мамандар көмегінің арқасында жас жігіт жаңа белестерге қадам басып келеді.


 21 жастағы Ілияс Дәуен – жоғары оқу орнын IT мамандығы бойынша тәмамдаған. Дәрігерлер кезінде оның өмірге бейімделе алмайтынын айтқан болатын. Бірақ ол мектепті бітіргесін «Қазақстан халқына» қорының грантын иеленіп, бүгінде «ақпараттық технологиялар» саласы бойынша білікті маман атанды.


ІЛИЯС ДӘУЕН – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

 2016 жылы Қызылорда қаласында «Асыл мирас» аутизмі бар балаларға орталық ашылған еді. Мен сол жерге үш жыл бойы барып қайттым. Мамам да мені жақсы тәрбиелеп шықты. 2022 жылы мамырда мектеп бітіріп, қыркүйекте Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіне ақпараттық технологиялар мамандығы бойынша оқуға түстім. Дәл сол жылдың қараша айында мама екеуміз Алматыға барып кедік. Халықаралық конференцияға қатыстық. «Аутизм мүмкіндік әлемі» атты. Мама мені таныстырды, бала кездегі жағдайымды айтты. Іле шала мен сөйледім. Сөз сөйлеп болғаннан кейін алаңдағы көбі жылап кетті.


 Биыл Ілияс дипломын сәтті қорғады. Енді оның басты мақсаты – өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасып, елге қызмет ету.


ІЛИЯС ДӘУЕН – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Мен биыл Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетін университетін бітіргенмін. Қиындықтары болды, қызықты сәттері болды. Ең бастысы ең жақсы өткен шақ. 7.21 Құдай қаласа мамандыққа бойынша ең табысты жұмыс іздеу, жұмысқа орналастыру жоспарда бар. Елге пайдасы тиер жұмыс істеу ғой мақсатым. «Ел маған не істеді емес, еліме не істедім» деген қанатты сөз бар қазақта. Бар білімім елге пайдасы тисе екен деп сенемін.


 Ілиястың анасы ұлының өзге балалардай білім алып, жоғары оқу орнында оқып, мықты маман атануы үшін көп ізденді. 


 БЕЙБІТ ӘЛМЕНБЕТОВА – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Ілияс 2004 жылы туылған. Біз енді 2007 жылы екіден асқан кезде байқадық. Бұл баланың ерекшелігін. Атын атасақ қарамайды, бұл неге қарамайды деген сұрақ туды. Сөйтіп бізді Ақсайға жіберді, құлағын тексертіңіздер деп. Сол жерде аутизм деген диагноз қойды. Ол жылдары бірінші рет естіуім, қазіргідей ақпарат жарияланбаған. Маған енді үлкен үрей, ана үшін қиын ғой. Алматы қаласындағы нейрохиругтерге бардық, басын тексертуге. Сол жерде тибетский клинаға барып, тамырын ұстап, бұл бала сөйлейді, болашағы жақсы болады деген жақсы сөз естіп, ем алдық.


Қалыпты өмірге қол жеткізу үшін жылдар бойы үлкен жұмыс атқарылды. Соның ішінде «Асыл Мирас» орталығындағы мамандармен жұмыс істеудің маңызы ерекше болғанын атап өту керек. Онда Ілияс өз-өзіне қызмет көрсетуді, қарым-қатынас жасау дағдыларын меңгеріп, сенімділігі арта түсті. Бүгінде «Асыл Мирас» орталығының мамандары тек балаларға ғана емес, сонымен қатар олардың ата-аналарына да көмек көрсетеді. Олардың айтуынша, баланың дамуы мен қалыптасуы үшін отбасының орны ерекше.


АЙТОЛҚЫН АҚЫНБАБАЕВА – «АСЫЛ МИРАС» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ КЛИНИКАЛЫҚ ПЕДАГОГЫ

Жалпы «Асыл мирас» орталығында 6 бағдарлама бар. 1.23 Ең бірінші бғдарламаға келген бала функциональдық талдаудан өтеді. Қандай дағдысы бар қандай дағдысы жоқ соны анықтаймыз.Сол арқылы жеке даму үшін жеке даму жоспары жасалады. 4.16 Біздің орталықтан кейін балалар әртүрлі балабақшаға, мектепке барып, колледж, университет оқып жатқан балалар бар. Олардың бірі осы жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетін бітірген болатын. Ол осы орталықта коррекциялық сабақтарға қатысқан болатын.


Ілиястың ендігі мақсаты – еңбек етіп, елге пайдасын тигізу. Ал оның табындылығы мен қайсар мінезі көптеген жасқа үлгі.