#qyzylordatv 

Аймақта мыңнан астам тұрғын салықтық жеңілдікке ие болды. «Таза парақтан» бағдарламасы аясында негізгі қарызын уақытылы өтеген кәсіпкерлердің жалпы сомасы 313 миллион теңгеден асатын айыппұлы мен өсімпұлдары есептен шығарылды. 


 Бұл мүмкіндікті 1001 салық төлеуші пайдаланды. Ведомствоның мәліметінше, айыппұлдардың есептен шығарылуы бизнеске түсетін қаржылық жүктемені азайтып, салық заңнамасының сақталуына оң ықпал етеді. Нәтижесінде, екінші тоқсан басталғалы бері заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің жалпы берешегі 12%-дан астам көрсеткішке қысқарды. Сонымен қатар, қызмет көрсетуге бағытталған жұмыс моделіне көшу процесі жалғасуда. Бүгінде мемлекеттік қызметтердің 99,9%-ы электронды түрде көрсетіледі, ал салықтық есеп нысандарының саны үштен бірге қысқартылды. Сонымен қатар, жаңа Салық кодексі айлық табысы 300 айлық есептік көрсеткішке дейін, шамамен 1 миллион 300 мың тегені құрайтын азаматтарға жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей-ақ, өзін-өзі жұмыспен қамтушы ретінде қызмет етуге мүмкіндік береді.


 АСҚАР ЕЛЕМАНОВ – ОБЛЫСТЫҚ МЕМЕЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ

«Таза парақтан» дегеніміз заңды тұлғалар мен жекек кәсіпкерлерге қатысты өсімпұлдарын қысқарту, яғни 1 қаңтардан 31 наурызға дейін белгленген болатын. Соның есебінен біраз көмек болды. Салық төлеушілерден 346 млн өндірілді, 313 млн айппұл мен өсімпұл есптен шығарылды.


Жалпы бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджет көрсеткіштері жоспардан асып түсті. Қазынаға 182,8 миллиард теңге көлемінде түсім түсті. Бұл көрсеткіш жоспардан шамамен 8,5 миллиард теңгеге артық. Сыртқы сауда саласында да оң динамика сақталған, атап айтсақ мұнай, уран, күріш және балық өнімдерін жөнелту есебінен экспорт көлемі 35%-ға өсті.