#qyzylordatv #тазақазақстан 

Өңірде ірі экологиялық жобалар жалғасуда. Қалдықтарды өңдеу, су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңарту, орман қорын молайту секілді өзекті мәселелерді жауапты басқарма өкілі брифинг барысында баяндады. 


 Су шаруашылығы қашан да өзекті. Ал саладағы инфрақұрылымды уақытылы жаңғырту басты назарда болуы қажет. Аймақта 68 суару арнасын бетондау жобасы әзірленуде. Қазірдің өзінде 30 жоба мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алып, Дүниежүзілік банктің қаржыландыруына енгізу үшін Су ресурстары және ирригация министрлігіне ұсынылды.


 ҚАЙРАТ ЖАНСҰЛТАНҰЛЫ – ОБЛЫСТЫҚ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ 

 «Қазақстан Республикасының су саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарына» облыстан жалпы соммасы 147,3 млрд. теңге болатын 112 жоба ұсынылды. Кешенді жоспарға енгізілген 112 жобаның ішіндегі құны 131 млрд. теңге болатын 81 жоба республикалық бюджеттен, 9,1 млрд. теңге болатын 25 жоба облыстық бюджеттен, 7,2 млрд. теңгеге 6 жоба Ислам Даму Банкі арқылы қаржыландыру көзделген. Оның ішінде су жинау көлемі 775 млн. м3 болатын «Қараөзек» су қоймасын салу мәселесін Ислам Даму Банкі есебінен қаржыландыру үшін Су ресурстары және ирригация министрлігімен бірлесіп жұмыстар жүргізілуде


Облыста орман қорын қорғау мен молайту жұмыстары да маңызды. Қазір мемлекеттік орман қоры жалпы көлемі 7,3 млн гектарды құрайды. Биыл орман қорының 10 мың гектарына ағаш отырғызу және тұқым себу жұмыстары жоспарланса, қазіргі таңда оның 3,2 мың гектарына көшет отырғызу жұмыстары атқарылған. Жыл басынан бері 126 тексеру жүргізіліп, 18 орман заңнамасын бұзу фактісі анықталды. 


ҚАЙРАТ ЖАНСҰЛТАНҰЛЫ – ОБЛЫСТЫҚ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ

 Ағымдағы жылы «Өнеркәсіпті дамыту қоры» арқылы орман шаруаылығы мекемелеріне жеңілдетілген лизинг бағдарламасы бойынша 21 дана арнайы техника алынды. Орман өртін болдырмау және алдын алу мақсатында орман шаруашылығы мекемелерінде 22 дана өрт сөндіру автокөлігі мен 66 тұрақты өрт сөндірушілер қызмет атқарады. Облыстық мемлекеттік орман қоры жерлерінде 419 шақырымға жаңадан өрт жолақтарын салу және 6042 шақырымға ескі өрт жолақтарын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Мемлекет басшысының елді мекендерде 15 млн. дана ағаш отырғызу туралы тапсырмасына сәйкес Қызылорда облысының елді мекендерін көгалдандырудың және жасыл аймақтар құрудың 2021-2025 жылдарға арналған өңіраралық жоспары бекітіліп 958,8 мың дана ағаш отырғызу жоспарланып, толығымен орындалды


Тағы бір басымдық – қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу. Бүгінде облыста жалпы құны 100 миллиард теңгеге жуық 10 инвестициялық жоба жүзеге асуда. Солардың бірі – Жаңақорғандағы қоқыс сұрыптау нысаны наурыз айында іске қосылды. Енді бұл жұмыстар Арал, Қазалы, Жалағаш аудандарында жүзеге асады. Тағы бірнеше нысанның құрылысына қатысты құжаттар сараптама сатысында. 


ҚАЙРАТ ЖАНСҰЛТАНҰЛЫ – ОБЛЫСТЫҚ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ

Қызылорда қаласындағы 2 жоба, оның ішінде жалпы құны 37,8 млрд.теңгені құрайтын Оңтүстік Корея технологиясы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау, өңдеу және кәдеге жарату жобасы және пластик қалдықтарын өңдеу жобасы 2 - кезең сараптамасымен мақұлданды. Бұл жобалар бойынша инвесторлармен жобаға өзіндік қатысу қаржысын салу жұмыстары жүруде. Тамыз айында толық жұмыстар аяқталып, қаржыландырылуы күтілуде. Қалған жобалар 2-кезең сараптамасынан өтуде. Сонымен қатар, құны 559 млн.теңгені құрайтын «Рем Пласт Инвест» мекемесімен өз қаражаты есебінен макулатура мен картон қалдықтарын қайта өңдеу және дайын өнім шығару жобасы іске асырылуда. Қуаттылығы 5 400 тоннаны құрайтын жобаның қазіргі уақытта, құрылыс жұмыстары 80% аяқталып, инфрақұрылым жүйелерін жүргізуге құжаттар дайындалуда. Зауытты жыл аяғына дейін іске қосу жоспарланған


 Қайрат Жансұлтанұлы су шаруашылығын жаңғырту, қалдықтарды қайта өңдеу жүйесін дамыту, табиғи ресурстарды сақтау жұмыстары ұдайы бақылауда дейді. Әрі жаңа жобаларды жүзеге асыру өңірдегі экологиялық жағдайды жақсартып қана қоймай, табиғи ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыруға да ықпал етпек.