11 ақпан – халықаралық ғылымдағы әйелдер мен қыздар күні. Атаулы күн Біріккен ұлттар ұйымы Бас Ассамблеясының 2015 жылғы шешімімен бекітілген. Қазір өңірдегі іргелі білім ошағы Қорқыт ата атындағы Қызылорда Университетінің ғалымдары 27 жоба бойынша жұмыс жүргізуде.
Аталған жобалардың басым бөлігі ауыл шаруашылығы, су ресурстары және жер қойнауын пайдалануды зерттеуге бағытталған. Бұған университеттен 170-ке тарта ғалым тартылған. Соның 88-і – әйелдер.
МАЙНҰР БӨРІБАЕВА – ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚУ БАСҚАРМА МҮШЕСІ- ПРОРЕКТОР //оның ішінде 40 жасқа дейінгі әйелдердің үлесін айтатын болсақ, 50 пайызды құрайды екен. Оның ішінде 22-сі ғылыми жобаларға қатысуда.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Аграрлық технологиялар» кафедрасының профессоры Лаура Тохетова 2000 жылдан бастап ғылым саласында. Ол 2006 жылы аймақта алғаш болып арпаның жаңа сортын дайындап, өндіріске қосқан. Бүгінде өңірдегі бірнеше шаруашылық жергілікті ғалым дайындаған арпаның «Іңкәр», «Сыр аруы», «Қайсар» сынды сорттарын егіп жатыр. Тіпті, соңғы уақытта арпаның сырбойлық сортына Солтүстік Қазақстан облысынан сұраныс артқан.
ЛАУРА ТОХЕТОВА – АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ //«Іңкәр» мен «Сыр аруы» сорттарын 2018 жылы Солтүстік Қазақстанға алып барғанбыз. 1:21-/ Қазіргі таңда олар көбейтіп, сол фермерлер үлкен сұранысқа ие. Өйткені, олар стрестік жағдайға бейім.Тұзға, құрғақшылыққа.