#qyzylordatv
Студенттер сарайында белгілі ақын, «Құрмет» орденінің иегері Светқали Нұржанның шығармашылық кеші өтті. Әдебиетсүйер қауым бас қосқан шарада ақын ел мен рух, ұлт пен ұрпақ тақырыбындағы ой-толғамдарын ортаға салды.
Сыр бойының киелі топырағына табан тіреген ақын бұл кездесуді «жыр бөлісу емес, сыр бөлісу» кеші деп сипаттады. Ақынның айтуынша, Сыр елі – қазақ руханиятының алтын арқауы, талай жыр дариясын тудырған өңір. Сондықтан ол бұл сапарды жастармен ашық пікір алмасудың, шығармашылық үндестіктің сәті деп есептейді.
СВЕТҚАЛИ НҰРЖАН - АҚЫН
Сыр елі деген тірліктің сөнбес тамырындай деп Иранғайып ағамыз айтқандай Дарияның жағасын жайлаған қазақтың бағзылығын сактаған бүкіл қасиеттерін бойға сіңірген ел ғой осы.Сондықтан адам ойын түзеп бойын жинап келетін жер бұл жер. Сондықтан да мен Қорқыт университетінің шақыруын қабылдадым. Себебі бұл елменен сұхбат құру мен үшін қызықта жауапкершілік. Сондықтан еркін шығармашылық кеш. Сонау Қорқыт бабадан бастау алған кешегі Сүлейлерге жалғасқан қазақ әдебиетін жасаған ұлы тұлғалар щыққан ел.Сондықтан жыр бөлісу үшін емес сыр бөлісу үшін келдім.