#qyzylordatv
Биыл мемлекет және қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері Еркін Әуелбековтің туғанына - 95 жыл. Сырбойылық зиялы қауым ерен еңбегімен ел аузында жатталған тұғырлы тұлғаға ғылыми-танымдық конференция ұйымдастырды.
Еркін Әуелбеков есімі қанша жыл өтсе де ел жадынан өшкен емес. Ол 1968-85-ші жылдар аралығында Көкшетау, кейін Торғай облысы партия комитетінің бірінші хатшысы қызметін абыроймен атқарған. Одан соң Сыр өңірінің тізгінін ұстады. Қабырғалы қайраткер ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында қай өңірді, қай саланы басқарса да, жоғары жетістіктерге жеткізе білді. Әсіресе, Қызылорда облысын дамытуда ерекше қолтаңбасын қалдырды.
ӘБДІЖӘЛЕЛ БӘКІР - САЯСИ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ ///Ең бірінші Әуелбеков не істеді? Халықпен кездесуге көп барды,саяси оқыған аудандық партия комитеттерінің пленумдері,сессиялар,малшылар күні тағысын тағы толып жатқан жиналыстарға қатысып,халықтың өмірін тануға ұмтылды//Еркін Нұржановичтің бір байқаған себебі,облыстың артта қалуының негізгі себебі,кадр мәселесі.Бұл арнайы пленумда қаралды.Кадрлар арасындағы қағазбастылық,парақорлық,көңілбөлмеушілік жұмысқа,салғырттық,жауапсыздық тағы тағы толып жатқан нәрселерді талқылап 200-ге жақын облыстық,қалалық аудандық номенклатура басшылары босатылды.ешкімге артық жаза қолданған жоқ,қолдандырған жоқ.
Қағілез қайраткермен етене еңбек еткен жанның бірі - Өтеубай Қожақұлы. Әуелбеков әлемін жетік біледі. Қаланы дамытуда сәулетті ғимараттарды салдырған еңбегі бір төбе. «Қарапайымдылығымен көзге түскен басшы әрдайым халықтың мұң-мұқтажын тыңдап қол үшін созуға даяр болатын»,- дейді ол.
ӨТЕУБАЙ ҚОЖАҚҰЛЫ - ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ
///Еркін Нұржанұлы Әуелбековтің қазақ үшін атқарған қызметі қазақ халқының өркендеуі үшін атқарған жұмыстары өзектілігін жоймайды деп айтамын//1985 жылы қаңтар айынан 1989 жылдың ортасына дейін осы облыста қызмет етті,яғни Москваға кетерге дейін.Москваға қызметке ауысарда өзінің мынадай ерекшелігімен жұмыс тәсілімен жұртты тәнті етті.Біріншіден алғаш күндерден бастап қаланың сауда нүктелерін мен базарларын өз көзімен көрді,қала тұрғындарының тұтынатын ішіп-жемінің адам басына шаққандағы мөлшерін,нені өзіміз өндіретінімізді бүге-шүгесіне дейін сұрап,мәлімет алып бұл көрсеткіштердің республиканың басқа қалалармен салыстырғанда өте төмен екеніне қала басшыларының көзін жеткізген.Екіншіден,жобалау институтының ғимаратына барып,архитекторларды жинап,облыстың құрылыс индустриясымен танысты. Үшіншіден,алғашқы күндердің өзінде,тұрғындардың шағым-арыздарымен танысып,адамдарды жеке қабылдады.
Азаматтың адалдығын, шыншылдығын, іскерлігін, уәдеге беріктігін салмақтағанда үлгі ретінде әуелі Әуелбеков тұратын дейді көзкөргендер.Бұл саналы ғұмырында әділдіктің ақ туын көтерген қайраткерге берілген баға болса керек.