#qyzylordatv
Республикалық «Халық заңгері» акциясы Қазалы ауданында да ұйымдастырылды. Құқық қорғау органдарының өкілдері мен мемлекеттік қызметшілер тұрғындарды қабылдап, өтініш тілегіне құлақ түрді.
Ауыл тұрғындары бұрынғыдай мекеме аралап, есік жағалап жүрмейді. Себебі, құқық қорғау органдарының өкілдері мен қажетті мамандар елді мекендерді аралап, жеке қабылдау өткізеді. Мұның қарапайым халық үшін тиімді тұсы көп. Мәселен, тұрғындарға құқықтық көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылған акция Ғани Мұратбаев ауылында өтті. Қабылдауға келген азаматтар тарапынан жұмыспен қамту, мемлекеттік бағдарламаларға қатысып, қайтарымсыз грант алу, кәсіп ашу, алимент өндіру, жер дауы, тұрғын үймен қамту секілді өзекті мәселелер көтерілді. Тұрғындардың өтінішін тыңдаған жауапты мамандар құқықтық кеңес беріп, заң аясында тиісті жұмыстар жасалатындығын айтты.
ДАРЫН ӘБІШ, АУДАН ПРОКУРОРЫ \маған ауыл шаруашылығы, жер, су жөнінде, дәрігерлік көмек жөнінде мәселелерімен келіп жатыр. Әрине, мұндай шараларды жиі өткізіп тұрып керек. Азаматтарымызға өте маңызды заңдық көмек деген. Сондықтан бұл мәселе алдағы уақытта да жалғасын табады деп есептеймін. ...\
СЕРІК ДӘУІТОВ, Ғ.МҰРАТБАЕВ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ \халықтың көкейіндегі көптеген сұрақтар болғаны рас. Тиісті сала бойынша сұрақтарымызды қойып, жауабымызды алып жатырмыз. ..Мұратбаев ауылының сыртында төрт көше бар инфрақұрылымы жүргізілген