#qyzylordatv
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыр өңіріне жасаған жұмыс сапарында аймақтағы әлеуметтік-экономикалық серпіліске оң баға берді. Әсіресе, облыс орталығындағы байырқалы бастамалар тілге тиек етуге тұрарлық. Бұл көп болып атқарған жүйелі жұмыстың нәтижесі. Осы орайда тындырымды тірлікке үлес қосқан қала әкімдігінің мамандары марапат төрінен көрінді.
Жиынға облыс әкімінің міндетін атқарушы Данияр Жаналинов пен облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеуімбетов арнайы қатысты. Олар шаһардың гүлденуіне сүбелі үлес қосқан мамандарға аймақ басшысының алғысын жеткізіп, жұмыла атқарған істің жемісін баяндады. Мұнан соң уақытпен санаспай еңбек еткен бірқатар азаматқа облыстың құрмет грамотасы мен алғыс хат табысталды. Жиында түрлі сала мамандарына қала әкімі Нұржан Ахатов та дәл осындай құрмет көрсетіп, тындырымды тірлікке тіреу болған жандарға ризашылығын білдірді.