#qyzylordatv

Балаларды ұлттық өнерге баулитын «Үміт» домбыра үйірмесі «Нағыз қазақ – домбыра» атты 3 жылдық есеп беру шығармашылық концертін өткізді. Шарада оқушылар күмбірлете күй тартып, ел алдында өнер көрсетті.

 Домбыра – ертеден жеткен, сан тарихтан сыр шертетін ұлттық аспап. Домбыра үйрену – балаларды ұлттық өнерге баулып қана қоймай, есте сақтау қабілетін арттырады, мәдениет пен тарихты тани түсуге жол ашады. Ұлттық аспапты ұлықтап, насихаттау мақсатында 2022 жылы «Үміт» домбыра үйірмесі ашылып, өнерлі өрендерді бір шаңырақ астына жинады. Үйірменің негізін қалаушы ұстаз – Бекембай Қожабаев.

 БЕКЕМБАЙ ҚОЖАБАЕВ, «ҮМІТ» ДОМБЫРА ҮЙІРМЕСІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

Бұл концерттің түпкілікті мақсаты жасөспірімдерді өнерге баулу, рухани азықтандыру мақсатында жасалып жатқан концерт. Бұл іс-шарамызда ансамбльдер бар, оркестрлік күйлер ойнаймыз және шертпе, төкпе күйлерді ойнаймыз, теріс бұраудағы күйлерді орындаймыз. Домбыраның жан-жақты бағыттағы сабақтарды беріп жатырмын. Алдағы уақытта үйріменің дамуына балдардан үміт күтеміз, жетістіктер күтеміз. Қазір менде 40-тан астам оқушыларым бар. Оқушылар 6-7 жастан бастап қабылданады. 17 жасқа шейін оқытамын.

 Бұл күні сахнада күй күмбірлеп, көңілді әндер де шырқалды. Концертке жиналған қауым балалардың өнеріне тәнті болды.

РЫСКҮЛ ҚҰТТЫМҰРАТҚЫЗЫ – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

//Өнер мектебінде оқыды, Қазанғап музыкалық колледжінде оқыды.одан Қорқыттың музыкалық факультетін бітірді. Одан кейін бері қарай жұмыс істеп жатыр. Өз еңбегімен. Үйрімесін де өзі ашты.Мен тек үйде отырып тілеулеспін.Жолын тілеп отырмын.

 Бүгінде үйірмеде білім алған жас өнерпаздар республикалық, халықаралық байқауларда бақ сынап, жүлделі орындар иеленуде. Сондай-ақ, бірқатары жоғары оқу орындарында білім алуын жалғастыруда.

САБИНА БИМАҒАНБЕТ, ШӘКІРТІ

//Мен домбыраға өзім қызығып, 3 жыл бұрын, 2022 жылдан бері қатысып жүрмін. Ағайдан көптеген күйлерді үйреніп, Қазақстанның әртүрлі қалаларында және шетелге шығып, Гран-при иегері атанып, ағадйың арқасында қазір Қазанғап атындағы жоғары колледжінде оқушысымен 1-курс осы жылы. Күйлерді ағай басында оңайларын беріп, қазір 20-30-дай күйлер білемін.

Дархан даланы әнмен тербеп, қазақ күйін нақышына келтіре орындаған өнерпаздардың концерті көңіл қуантты.