Бүгін саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Осыған орай облыс орталығында жазықсыз жапа шеккен боздақтарды еске алу шарасы ұйымдастырылып, ескерткішке гүл шоғы қойылды.

Қолдан жасалған аштық пен саяси қуғын сүргін қазақтың қаймақтарын қынадай қырып, тектілерді теректей сұлатты. Нақты мысал, бір ғана Сыр өңірінде 4 мыңнан астам отбасы қуғынға ұшыраса, 1153 адам ату жазасына кесілген. Сондықтанда бұл күн тарихтағы ең зұлмат кезеңдердің бірі саналады. Бүгінгі ұрпақ ақтаңдақ жылдар ақиқатын ұмытпай, бабалар ерлігін дәріптеу керек. Осы мақсатта саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған ескерткіш маңында жиын өтті. Шарада боздақтар рухына құран бағышталды. Қала тұрғындары ескерткішке гүл шоғын қойып, солақай саясаттың құрбандарын еске алды.

СӘБИТ ӘБІШ - «НЕВАДА-СЕМЕЙ» ҚБ ТӨРАҒАСЫ \1995 жылы осы жерде үлкен құмдар болған. Сол құмды тасып жатқан кезде адамдардың бейіттері шыққан екен. Жақындап келіп қарасақ адамдардың бастырын қатарластырып қойған кілең желкесінен атқан оқтардың ізі қалған. Нағыз қазақтың барлары шығар енді олар. Бұл күн енді өте қайғылы күн \

БАҚЫТ БӘЙМЕНОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ \Тәуелсіздік алып, мемлекет болғанға дейін қаншама азаматтар, қаншама тұлғалар құрбан болды. Қолдан жасалған ашарлық та болды. Мұны кітаптардан оқып жатырмыз 2 миллион кейбір деректерде 6 млн дейін ашаршылықтың құрбаны болды дейді. Және саяси қуғын сүргінге қаншама адамдар ұшырады\