«Мемлекеттік тіл: мәселеден заманауи тәсілдер арқылы дамытуға дейін». Облыс орталығында осы тақырыпта ғылыми-сараптамалық талқылау өтті. Жиында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту және ана тілдің мәртебесін арттыру бағытындағы жұмыстар жайы айтылды.
Тіл мәселесі қай уақытта болмасын өзектілігін жойған емес. Талқылаудың мақсаты да сол, Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – адал еңбек» атты үшінші отырысында қамтылған қазақ тілінің қолданысын кеңейту әрі дамыту. Ал, ол үшін мемлекеттік тіл саясатын дамытуда нақты бағыттар бойынша жұмыс істеу керек - деді, облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Алмасбек Есмаханов.
Жиында университет оқытушылары мен тіл жанашырлары баяндама жасап, тілдің мәртебесін көтерудің тиімді жолдарын айтты. Оның ішінде ғылыми әдебиеттерді қазақшаландыру, ғимараттардың тақтайшаларын сауатты жазу, сондай-ақ, бүгінгі цифрландыру дәуірінде жасанды интелектіні қазақша сөйлету мәселелері баяндалды.
НҰРГҮЛ СИХАНОВА – ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚУ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ /Мен жаратылыстану бағыты бойынша, оның ішінде биология саласы бойынша мемлекеттік тілдің қолданылуы жөнінде баяндама жасадым. Бұл баяндамада енді көптеген сараптамалық жұмыстар айтылды. Сараптамалық жұмыстардың нәтижесінде осы сала бойынша мерзімдік басылымдарда материалдардың қаншалықты қазақ тілінде жариялатындығы. Бұл бұрынғы кезден бастау алады. Ресей патшайымы ІІ Екатеринаның тұсында шетелден ғалымдар шақыртылған, оның ішінде Палас немесе Эверсман сияқты ғалымдар біздің мына Каспий жағалауы Сырдария өзеніне деңгейіне дейін келіп, мемлекетімізідің сол кезлегі орнитафаунасы дейміз, құстар әлемінің негізін қалаған. Ол еңбектердің барлығы орыс тілінде жарық көрген. Мен қазір соны зерттеумен айналысып жатырмын. Жалпы қазақ тілінде құстар туралы еңбектер мүлдем жоқ деп айтсақ болады. Осыларды қазақшаға аударуымыз керек./