Өңірде «Ауыл аманаты» жобасы сәтті жүзеге асырылып жатыр. Былтыр бағдарлама аясында облысқа 3 млрд теңге бөлінген.Соның нәтижесінде 406 жоба қаржыландырылып, 700-ден астам жұмыс орны ашылды. Биыл тағы 4 млрд 600 млн теңге бөлініп отыр. Премьер-министрдің кеңесшісі Ералы Тоғжанов қатысқан алқалы жиыннан тілші бейнематериалы.

Ауыл шаруашылығы - ел экономикасындағы ең маңызды саланың бірі. «Ауыл аманаты» жобасы аясында еліміз бойынша 1 миллион ауыл тұрғынын қамтып, 350 мың жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Бұл мақсатқа ел тарихында алғаш рет 1 триллион теңге бөлінді.

НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ – ОБЛЫС ӘКІМІ // Бізде де ірі шаруашылықтар бар. Бір ауыл болып бір шаруашылық болып отыр. Ол күрішінде егеді, бақша өнімдерін де егеді. Мемлекет басшысыда сол ауылға барып көрді. Оң бағасын берді. Бізде сондай ауылдар көп. Сол шаруашылықтар біздің ұсынысымызбен соңғы екі жылда бақша, көкөніс егемін деген жандарға жер дайындап беріп жатырмыз. Мысалы 2022 жылы 3176 отбасыға жер дайындалып берілді. Өткен жылы 5170 отбасыға берілді. Биылда 20 мың отбасы егемін десе жер дайындалып беріледі. 09:22 Бұл жұмыстарды биылда жалғастырамыз. Шынында да әрбір адамды мүмкіндігінше жұмыспен қамтуымыз керек. Ауыл, аудан әкімдері жол бағытта жұмыстар жасау керек.//

Осылайша Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асып жатқан «Ауыл аманаты» жобасы ауылдықтардың табысы мен әлеуметтік жағдайын жақсаруға сеп болмақ.

ЕРАЛЫ ТОҒЖАНОВ – ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ КЕҢЕСШІСІ // 07:00 Қызылорда облысы 3 млрд теңге өткен жылы бөлінген. Бірақ 28 пайызы малға бөлінген. Бұл тұрғыда бұл көрсеткіш жаман емес. Мен Ақтөбе облысында малға бірде бір тиын ақша бөлгізген жоқпын. Бүкіл ақшаның бәрі өсімдік шаруашылығына, құс шаруашылығына, балық шаруашылығына және ауылдағы шағын бизнеске бағытталған болатын. Орта есеппен алғанда Қазақстанда Президенттің арнайы тапсырмасымен бөлінген ақшаның 80 пайызы өткен жылы малға жұмсалды. Бұл ауылдағы терең талдаманың жүргізілмегеннің арқасы деп айтуыма болады.//

Айта кетейік, «Ауыл аманаты» жобасы бастау алғалы 106 елді-мекенде 51 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылды. Биыл тағы орта есеппен 575 жобаны жүзеге асырып, 610 жұмыс орнын ашу көзделіп отыр.