#qyzylordatv

Алматы халықаралық әуежайының өткізу қабілеті 2050 жылға қарай төрт жарым есе өсіп, жылына 55 миллион жолаушы мен жарты миллион тонна жүкке қызмет көрсетпек. Үкімет отырысында аэропортты жаңғырту барысы қаралып, түркиялық инвесторлар даму стратегиясын таныстырды.

 Қазір ішкі рейстер терминалы жаңартылып, мұздан тазартуға арналған жаңа платформа салынып жатыр. Сондай-ақ тұрғын үйлерді шудан оқшаулау жұмыстары жүріп жатыр. Реконструкция аяқталған соң 3 ұшу-қону жолағы, жүк перроны, логистикалық және қойма кешендері пайда болады. Компания қазірге дейін 260 миллион доллар инвестиция салған. Премьер-министр Олжас Бектенов Алматы әуежайы еліміздің алты қаласында құрылып жатқан біртұтас экожүйе тізбегіне кіретінін атап өтті.Ол жұмысты сапалы әрі уақтылы аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар әуежайға апаратын жаңа айналма жол мен инфрақұрылымның қолжетімділігін арттыру мәселелері де талқыланды.