#qyzylordatv
Жаппай көкпар кезінде көлігімен атты адамдарға соққан. Әлеуметтік желіде таралған бұл бейнежазбаға қатысты облыстық полиция департаменті пікір білдірді. Оқиға Шиелі ауданындағы Алғабас ауылында болған.
Алдын ала дерек бойынша жанжал жүлдеге таластан басталған көрінеді. Айта кетейік, жеке кәсіпкер ұйымдастырған көкпарға 1 миллион теңге қаржылай сыйақы мен автокөлік тігілген. Жалпы кез-келген спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізген кезде уәкілетті органдарды алдын ала хабардар ету қажет.
ЕРМАХАН АБДРАМАНОВ - ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
//Әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазба бойынша тексеру жүргізілді. Оқиға 2025 жылдың 1 қарашасында Шиелі ауданы Алғабас ауылында кент тұрғыны ұйымдастырған көкпар ойыны кезінде орын алған. Ойын барысында 102 арнасына ешқандай хабарлама түспеген. Қазіргі уақытта бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Автокөлік жүргізушісі анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында оқиғаға қатысқан барлық тұлғалардың соның ішінде іс-шараны ұйымдастырушылардың әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады//