Арал өңіріндегі су айдындарына биыл 12 млн-нан аса шабақ жіберіледі. «Қамыстыбас» балық питомнигі мен «Тастақ» учаскесінде күтіп бапталаған су маржандары енді табиғи ортада еркін жүзеді. Тақырыпты тілшіміз Қозы Көрпеш Жасаралұлы тарқатады...
Қаратерең ауылына қоңсы қонған Тастақ бөлімшесінің 1947 жылы іргесі қаланған. Тарыдай уылдырықтан өсіп шыққан шабақтарды мұндағы мамандар баладай мәпелеп отыр. Бөлімшеде 22 тоған бар. Онда бір жаздық шабақтар күтімге алынған. Міне, белуардан су кешкен мамандар еткен еңбектің есебіне алар кезге жетті.
АСЫЛХАН ДҮЙСЕНҒАЛИЕВ – «ТАСТАҚ» УЧАСКЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ // Балықтың белаумру, карб, толстолоб түрінен бар бізде. Биылғы жоспар 3 млн 517 мың. Балықтың салмағы 20 грамм болуы керек. Қазір биыл салмағы келіп тұр.
ҚОЗЫ КӨРПЕШ ЖАСАРАЛҰЛЫ - ТІЛШІ // Бұл теңізді аймақтың төл байлығы десек болады. Мына шүпірлеген шабақтар Тастақ учаскесінде 4 айдай күтіп-бапталған. Енді оны мұндағы мамандар Кіші Арал мен Сырдария өзеніне жіберіп жатыр.
Ал «Қамыстыбас» балық питомнигін Арал өңіріндегі тіршіліктің тамыршысы десек болады. Теңіз тартылып, балық қоры азайған кезде, мекеме ғылыми негізде жұмыс істеді. Соның арқасында су айдындарында балық қоры көбейді. Ұзынан ұзақ жалғасқан мына тоғандарда су маржандары бапталып жатыр. Қазір мұнда балықтың үш түрі өсіріледі. Мерзіміне орай олардың салмақтары 150 грамм болуы тиіс. Оны арнайы құрылған комиссия бақылайды.
СӘКЕН МЫРЗАҒАЗИЕВ – «ҚАМЫСТЫБАС БАЛЫҚ ПИТОМНИГІ» РМҚК ДИРЕКТОРЫ // Қосжар бойынша екі жаздық шабақ 420 мың бас теңіз айдындарына жіберетін боламыз. Сонымен қатар 10 млн-нан аса бір жылдық шабақ жібереміз.
ЖАНҚОЖА САПАРОВ – АРАЛ-СЫРДАРИЯ ОБЛЫСАРАЛЫҚ БАССЕЙІНДІК БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ // 12 млн бір жаздық. 420 мың екі жаздық балық шабақтары өсіріліп, сырдария өзенінен, арал теңізіне, қамыстыбас су айдындарына жіберілетін болады. Бұл балықтар кәсіпшілік мақсатта толығымен ауланып, жақын-алыс шетелдерге жіберіліп жатыр. Кіші арал теңізінде ең үлкен лемит белгіленген. Көксерке балығының сүбесі Европа елдеріне экспортталып жатыр.
Бабын білгенге балық та байлық. Теңізбен тамырлас өңірдің жұрты мұны жақсы біледі. Биыл аудан бойынша 7400 тонна су маржанын сүзуге рұқсат берілген. Соның басым бөлігі Кіші Аралдан ауланбақ.