Облыс орталығында көптен күткен әуежай терминалы іске қосылды. Өңірге арнайы жұмыс сапарымен келген премьер-министр Олжас Бектенов тарихи сәтке өңір тұрғындарымен бірге куә болып, жаңа нысанның жұмысымен танысты.

Әуежай – аймақтың негізгі қақпасының бірі. Терминал құрылысы былтыр ақпай айында басталған болатын. Жылға жетпей жап-жаңа ғимарат бой көтеріп отыр. Еңселі нысан толықтай халықаралық талапқа сай салынған. Ауқымды жобаға белгілі меценат Болат Өтемұратов қоры демеушілік жасады. Ал, ғимараттың коммуналдық жүйелері мен абаттандыру жұмыстарына облыс бюджетінен қаржы жұмсалған. Осылайша көптен күткен нысан премьер-министр Олжас Бектеновтің қатысуымен салтанатты түрде іске қосылып отыр.