#qyzylordatv
«Абысын-ажын» республикалық байқауына қатысушылар Нағи Ілиясов ауылында болды. Көрікті елді мекенді аралап көрген делегаттар өз әсерімен бөлісті.
«Қазақ аналары – дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігі еліміздегі аналарды біріктірген бірден-бір ұйым. Әр аймақтан жиылған қатысушылар жүздесу арқылы бір-бірімен тәжірибе алмасып, қазақ құндылықтарды құлдыратпай, дәстүрді дәріптеуге күш салады. Сыр өңіріндегі серпінді істердің куәсі болған аналар өз ойларын ортаға салды.
Қонақтарға Мәдениет үйінде ауылдың өткені, дамуы мен бүгінгі келбеті жайында шағын бейнеролик көрсетілді. Мұнан соң көпшілік орталық алаңды, субұрқақтар мен сәулетті ғимараттарды аралап көрді. Үздік елді мекеннің тынысымен танысқан қауым бірауыздан ризашылығын білдіріп, ақжарма лебіздерін жаудырды.