#qyzylordatv
Биыл Сыр Сүлейі Қарасақал Ерімбеттің туғанына 175 жыл. Осыған орай Қазалы ауданында даңқты жыраудың мәдени мұрасын дәріптеуге арналған республикалық ғылыми-танымдық конференция мен жыр фестивалі ұйымдастырылды.
Сыр сүлейі атанған Қарасақал Ерімбет ақын ғана емес, ол Хиуадағы «Шеккі Хазірет» медресесінде оқып, білім алған атақты ахун, ойшыл-философ. Сыр бойындағы жыраулық-жыршылық мектебін қалыптастырушы және қазақ әдебиетіндегі жұмбақ айтыстың негізін қалаушылардың бірі. Назым сөздің шебері, жырдың жүйрік дүлдүлі атанған шайыр көзі тірісінде жүзден астам жыр, дастан жазып, артына өшпес мұра қалдырды. Ерімбет жөнінде жазба да, естелік те, ғылыми зерттеме де көп. Бірақ, құнды мұрасы біріздендірілмеген. Осы оарйда филология ғылымдарының кандидаты Берік Жүсіпов шайыр шығармаларынан академиялық басылым жасау керек дейді.
БЕРІК ЖҮСІПОВ ¬¬– ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ // // Мұрағат материалдары салыстырыла, салғастырыла жүйеленіп, тұрақталған, танымдық сипат алған, ғылыми тұрғыда дәлелді, дәйекті деп танылған шығармалары толық қамтылып, мәтіннің дәлдігі, дұрыстығы сараланып, жазылу тарихы, оның қоғамдық мәні көркемдік сипаты айқындалып, ғылыми түсініктерімен қоса толықпайынша // акдадемиялық басылым мәселесі жедел түрде қолға алынбайша Ерімбет мұрасының жарты кеш күйде қала бермек.
Иә, Ерімбет Көлдібайұлының бізге қалдырған рухани қазынасы тереңнен тамыр тартады. Сыр сүлейі тек жырау емес. Ол жазба айтысқа да жан бітірген жан. Оның толғау-термелеріндегі орамды ойлары арқылы біз өзімізге тәлім-тәрбие аламыз. Қарасақал Ерімбеттің өнегелі мұралары бүгінгі ұрпақ үшін: ұлттың өткенін ұлықтап, келешекке бағдар болар темірқазық. Себебі, ұлттың тұтастығы, салт-дәстүрге адалдық, аманатқа берік болуы сынды құндылықтар шайыр шығармаларында көрініс табады.
ҰЛЖАН ЖАНБЕРШИЕВА ¬- ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ /// Қарасақал Ерімбет толғау-термелері өзіндік мазмұны, мақсаты, көркемдігі мол тәлімді сөзге бай. Адам бойындағы мінез-құлық, жақсы қасиеттер, қабілет оқиға, құбылыстар термеленеді. Ол жырды көбіне жүрдек ырғақпен әуенге құрып, соңы қысқа тұжырыммен бәсеңдетіп аяқтайды. Тыңдаушысын баурап алатын терме сазымен әуенге құрылған тәлімдік мәні зор жырлар ақын шығармаларының өзегі болған. Адамгерлішілік, ар-ұят, сабыр, қанағат секілді қасиеттерді насихаттау ақынның басты тақырыбы. Оның толғау-термелерінде келешек ұрпақ ғибрат алатын, өсиеттік мәні бар, терең мағыналы ұғымдар жиі кездеседі.
ГҮЛЗИРА ОРАЗОВА - ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ //Біріншіден Ерімбет айтысы синкретті сипатқа ие. Яғни, бір шығарманың өзінде насихат, толғау, діни уағыз секілді бірнеше поэзиялық үлгілер алма-кезек қолданылып, айтыстың мазмұнын байытады. Екіншіден, өлең құрылысы жағынан күрделі. Ұйқас түрлері саналуан болып келеді. Ол айтыстағы тартыстың шиеленісуіне, оқиғаның дамуына қызмет етеді. Ол айтыстың драмалық қуатын арттырады. Үшіншіден Ерімбет айтысындағы дәлелдемелер діни-танымдық негізге сүйенеді. // мұның өзі айтыстың ой жүйесін күшейте түседі.
Шара аясында республикалық жыршы-жыраулар байқауы болды. Жыр додасына 11 жыршы жиылды. Олар жыр арнасында өзіндік ізін қалдырған Қарасақал Ерімбетің ғибратқа толы туындыларын орындап, көпшіліктің қошеметіне бөленді. Қазіргі таңда Ерімбет Көлдібайұлының жыр толғаулары жыршы-жыраулардың шабытына шабыт қосып келеді. Оны республикалық фестивальде анық аңғардық.
МАРАТ СҮГІРБАЙ ¬– ЖЫРАУ /// Қарасақал Ерімбеттің шығармаларын көбіне халыққа жеткізген біздің жыршы-жырауларымыз. Оның «ашпас» деген шығармасын, «Қырық кебі» бар, басқада өсите жырларын біздің халыққа кеңінен таныстырған ол жыршы-термешілер. Ергер, жыршы-термешілердің жыр қорынан табылмаса, зерттелмей жатқан тұлғалардың бірі болып қалар еді. // ал олардың аузына ілігу себебі соншалықты деңгейде талғамнан қарасақа Ерімбеттің еш мүдіріссіз өтуі деп білеміз.
Шыны керек, шайырдың шығармалары өте күрделі. Сондықтан оны нақышын бұзбай орындау жырауларға оңай соққан жоқ. Десе де, қызылордалық Жәнібек Жақсан Қарасақал Ерімбеттің «Айтамын сөздің төтесін» және «Мұхаммед пайғамбар туралы хикая» шығармасын жырлап, фестивальдің бас жүлдесін жеңіп алды. Байқау жеңімпаздарына қаржылай сыйақы табысталды.
Міне, Қазалы топырағында осылайша Сыр сүлейінің шығармалары насихатталып, ұлттық құндылығымыз ұлықталды.