Астанада өткен XXI Халықаралық Жәутіков олимпиадасынан Сыр өрендері олжалы оралды. Сейілбек Шаухаманов атындағы №9 дарынды балаларға арналған облыстық "Білім-инновация" лицей-интернатының төрт оқушысы жүлдегерлер қатарынан көрінді. Қоржында 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль бар.

 Халықаралық олимпиадаға әлемнің 15 елінен 700-дан астам оқушы қатысты. Негізінен әр өңірдегі білім инновация лицейлерінен екі оқушы қатысуға жолдама бұйырады. Ал Сыр өңірінен тағы үш оқушы ел құрамасына енгендіктен бәсекеде бақ сынады. Осылайша математика, физика және информатика пәндерінен өткен білім сайысында төрт оқушы жүлдегер атанды. Білім бәсекесінде информатикадан Мансұр Мамадахунов алтын, Ахмет Иса күміс, Әлімхан Құрманов қола медаль иеленсе, математика пәнінен Ердос Зермұханбетұлы қола медалді жеңіп алды.