Қазалы ауданында «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті. Оқу жаттығу барысында су тасқыны кезінде туындайтын төтенше жағдайдың алдын алу мәселелері пысықталып, жедел әрекет ету дайындығы тексерілді.

 127 техника. 441 адам. Саптық дайындық барысында төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға қарсы әрекет ететін күш-құралдарының мүмкіндіктері жан-жақты баяндалды. Сонымен бірге су тасқынына қажетті инертті материалдар қоры мен азық-түлік тексерілді.

 Осы сәтте Қазалы қаласы маңындағы «Шағала» тынығу орнын су басу қаупі туындағаны хабарланды. Жедел штаб отырыс жасалып, әрекет ету алгоритмі түзілді.

Асқар Тәжиев – тілші

//Көктем оқу-жаттығу жиынына қатысушылар қазір су басу қаупі бар аймақта сақтық шараларын жүргізуде. 100-ге тарта адам қорғаныс бөгетттерін нығайту жұмыстарымен айналысып жатыр.//

Бұл ескі қорғаныс бөгеті. Дариядан қауіп төніп, иінде ұстасқан сеңнің салдарынан арнадан асқан суды сай-саламен қайтадан өзенге бұруға бағытталған. Күштік құрылым өкілдері қапқа құм салып, өткелдердің тұсына қорғаныс бөгеттерін тұрғызды. Ал осы сәтте адамның жоғалғаны жөнінде қоңырау түсіп, арнайы топ жедел әрекетке көшті. Қаз-қатар шеп құрған іздеу тобы тоғай арасынан жоғалған азаматты тауып, оған алғашқы көмк көрсетті.

 Дарияға жақын аумақтағы қоныстар тексеріліп, тынығу орнындағы азаматтар қауіпсіз жерге көшірілді.

 №22 эвакуациялық жинау пункті Максим Горький атындағы №16 мектеп-лицейінде орналасса, Қазалы аграрлы-техникалық колледжі №23 эвакуациялық қабылдау пункті болып белгіленген. Арнайы орындарда су тасуы кезінде халықты көшіру іс-қимылдарын пысықталды. Осылайша оқу жаттығу жиыны жоспар бойынша сәтті іске асты.