Облыстық білім басқармасы тарапынан мемлекеттен қаржыландырылып отырған балабақшаларға зерделеу жұмыстары жүргізілген болатын. Нәтижесінде бірқатар кемшіліктер анықталған. Алайда, балабақша құрылтайшылары бізге «орынсыз талаптар қойып, артық қысым көрсетілді»,-дейді.
Бұл мәселе «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы жанындағы кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысында қаралды. Қазіргі күні қаладағы 81 балабақшаның 31-не қайтадан зерделеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соның ішінде төрт бөбекжайдың мемлекеттік тапсырысы тоқтатылып тұр. Мектепке дейінгі орталықтардың қаржыландырылуы комиссия отырысынан кейін белгілі болады. Аталған мәселені облыстық прокуратура назарға алды.