Пәтер иелері кооперативтеріне жаңа талаптар. Мәжіліс тұрғын үйлерді басқару жүйесін өзгертетін заң жобасын мақұлдады. Заңға сәйкес, көпқабатты үй тұрғындары басқару формасын өздері таңдай алады. Жалпы кезекті отырыста депутаттар 10-ға жуық заң жобасын талқылады.
Жұмыссыздар МӘМС бойынша тегін емделе алады. Медициналық сақтандыру жүйесі туралы заңға бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ – ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ «Жоба негізгі үш бағыттан тұрады, біріншіден 2027 жылға қарай кепілдендірілген көлемдегі тегін медициналық көмек пакетін екі есе, яғни 57%-дан 32%-ға қысқартып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетін 68%-ға ұлғайту көзделіп отыр. Екіншіден, жұмыс берушілер мен жұмысшылардың МӘМС қорына төлейтін жарнасының жоғары шегін 10 еселенген, ең төменгі жалақыдан 50 есе арттыру қарастырылған. Үшіншіден, жергілікті бюджет есебінен жұмыссыздар мен әлеуметтік дағдарыс деңгейіне жататын азаматтар үшін МӘМС қорына жарна төлеу көзделіп отыр».
Сондай-ақ мәжіліс тұрғын үйлерді басқару жүйесін өзгерту туралы жаңа заң жобасын мақұлдады. Оған сәйкес, көпқабатты үй тұрғындары басқару формасын өздері таңдай алады.
ЕКАТЕРИНА СМЫШЛЯЕВА – ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ «Жаңа заң жобасына сай басқарау формасы ретінде екі нұрсқа ұсынылады. Біріншісі; меншік иелерінің бірлестігі, екіншісі: тікелей бірлескен басқару. Бұл жай серіктестіктерге ұқсас. Ерекшелігі тікелей бірлескен басқаруда пәтер санына шектеу қойылмайды. Ең бастысы ұрғындар басқару процесін қалай ұйымдастыру керектігін өздері шешеді».
Бір сөзбен айтқанда барлық ПИК-тер міндетті түрде қайта тіркеуден өтеді, жаңадан жарғы бекітеді және тек коммерциялық емес ұйым ретінде жұмыс істейді. Бұл дегеніміз пәтер иелері кооперативтерін енді жеке басқару формасы болмайды. Олар бірнеше үйді біріктіретін шаруашылық құрылымға айналады.