Сексеуілдік Ырысбай Ырзағазиевтің теміржол саласында тер төгіп келе жатқанына 40 жылдан асты. Оған сапардан келген отарбаны оңдап, оны қайтадан жолға дайындау жұмысы жүктелген. Осынау міндетті мәртебелі маман мінсіз атқарып келе жатыр. Тақырыпты тілшіміз, Қозы Көрпеш Жасаралұлы тарқатады.

 Сексеуілдегі локомотив пайдалану депосы. Бұл майталман мамандардың маңдай тері сіңген мекеме. Жүйткіген пойыз дәл осы жерде жөнделіп, жолға шығады. Тепловоздың бірі кетіп жатса, енді бірі қайтадан келіп жатады. Ырысбай Ырзағазив сол техниканың «тілін» мықтап міңгерген санаулы азаматтың бірі.

ЫРЫСБАЙ ЫРЗАҒАЗИЕВ - ТЕПЛОВОЗ ЖӨНДЕУШІ //техника болған соң бұзылмай тұрмайды. Содан ішке звандайды. Өзіміз іштен қарап қойғаннан кейін ақауы белгілі ғой. Барып, істеп беріп, дальше пойызды жібереміз.

 Мына қаптаған қондырғының біреуінен олқылық анықталса, отарбаның жүрісі баяулайды. Яғни, техникада ақау туындап, жүйткіген пойыз жолда қалуы мүмкін. Мыңдаған жолаушының, тонналаған тауардың межелі уақытта діттеген жерге жетуі Ырысбай Ырзағазиев сынды еңбеккерлердің арқасы. Тәжірибелі маман кейінгі жылдары жастардың қатары көбейгенін айтады.

 ЫРЫСБАЙ ЫРЗАҒАЗИЕВ - ТЕПЛОВОЗ ЖӨНДЕУШІ // жаңа-жаңа жас балдар қосылып жатыр. Жас балдар көбейсе дейміз да. Орнымызды басса. Біздер де бұйырса, жақындап тұрмыз ғой. Соларға барымызды үйретіп кетсек, біздің болашағымыз жастар ғой.

 Алысты жақындатқан, ауырды жеңілдеткен темір жол саласында тоқтау болған емес. Болмайды да. Шойынжолда шыңдалған шебер бейнеті мол жұмыстың зейнеті де зор екенін айтады. Сондықтан, қара жұмыстан қашудың қажеті жоқ дейді.