#qyzylordatv
Білікті профессор, философия ғылымдарының кандидаты Оңғар Бермаханов мерейлі 75 жасқа толды. Осыған орай Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде ғылыми кеңестің салтанатты жиыны өтті.
Оңғар Бермаханов Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде ширек ғасырдан бері қызмет етіп келе жатқан ұлағатты ұстаз. Салтанатты іс-шарада университет ұжымы мерейтой иесінің білім мен ғылымға сіңірген ұшан-теңіз еңбегін сөз етті.
ТАСТАНБЕК СӘТБАЙ - ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ/// Бұл кісі Казгудың философиясын бітірген, Киев аспирантурасы бітірген, талай батыс философиясын зерттеген, негізінен батыс философиясына маманданған үлкен маман кісі. Тек қана дәріс берумен шектелмейді, ол мына азаматтық қоғамның белсенді өкілі.Үнемі өзінің көзқарастарын негіздеп айтып жүрген маман.
Еңбек жолында 30-дан астам ғылыми мақала жазған ұстаз «Ахмет Байтұрсынұлы» төсбелгісімен марапатталды. Сондай-ақ Қызылорда қаласының құрметті азаматы атағы табысталды.
МАЙНҰР БӨРІБАЕВА - ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚУ ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР Cонымен қатар, ғылыми кеңестің шешімімен Бермаханов Оңғар атындағы аудитория берілді, енді студенттеріміздің, білім алушылардың игілігіне пайдасы тиеді деп ойлаймыз. Сонымен қоса, бізді қуантатын жағдай, жергілікті атқарушы органдар тарапынан ғалымдарға, біздің университет ғалымдарына үлкен көңіл бөлініп жатыр,ол біздің барлық университеттің, профессорлық оқытушы құрамның абыройы деп есептеймін.
Оңғар Бермаханов бүгінгі таңда ардагер-ұстаз ретінде оқытушылық қызметін жалғастыруда. Яғни ғалымнан тәрбие алып, білім көшін жылжытар жастар қатары артып келеді.