#qyzylordatv

Облыс орталығында шахматтан «Senat Open - 2025» жарысының ширек финалдық іріктеу кезеңі өтті. Жүйрік ойлылар сайысында сырбойылықтар жартылай финалдың 9 жолдамасын жеңіп алды.

Senat Open турниріне 100-ге жуық қызылордалық өтінім қалдырған. Олардың арасында мемлекеттік қызметшілер, мәслихат депутаттары мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері, сондай-ақ, БАҚ өкілдері және ардагерлер бар.

МАРАТ БАКУОВ – СЫРДАРИЯ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ// Жас кезімізде үйдегі іні-қарындастарымызбен бірге ойнап, әуес болдық. Былтыр сайысқа қатысып жүлдеге іліге алмадық енді, биыл да қатысып жатырмын. Бұл әріптестердің бір-бірімен жақын араласуына, ойымыз бөлініп күнделікті жұмыстан өзгеріс береді деп ойлаймын//

Ал жалағаштық Ақбота Қабылбекова аудандық экономика және қаржы бөлімінде жұмыс істейді. Мемлекеттік қызметшілер арасында сынға түскен жас маманның бұл бірінші жарысы.

 АҚБОТА ҚАБЫЛБЕКОВА – ЖАЛАҒАШ АУДАНДЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚАРЖЫ БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ// Шахмат ұтқыр ойды талап ететін ойын. Жұмыс арасында ойымызды сергітіп, көптеген адамдармен тынысып сондай үлкен мүмкіндіктерге жол ашқан ұйымдастырушыларға алғыс айтамын. //

Жалпы зияткерлік сайыс 9 турдан тұрса, ойын швейцариялық жүйе бойынша өрбіді. Іріктеу турының қорытындысы бойынша 9 үздік ойыншы енді жартылай финалда Сыр намысын қорғайтын болады. Кіші финалдық бәсеке Түркістанда өтеді.

 АЛЕКСАНДР БАБЕНКО – ҚР ШАХМАТ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ // Қызылордалықтардың бұл жарысты асыға күтетіні қуантады. Облыстық, аудандық әкімдіктер мен мәслихаттар турнирді ұйымдастыруға үздіксіз көмек көрсетуде. Біз Сенат Капты екінші рет өкізіп жатырмыз. Шахмат тек ойын емес, ой ұшқырлығын қалыптастыратын құрал деуге болады. Сондықтан, бұл жарыстың берері көп//

 Бұған дейін ашық турнирдің іріктеу кезеңі Жамбыл, Түркістан облысы мен Шымкент қаласында болды. Ендігі кезекте спортшылар ақтық ойынға жолдаманы өзара сарапқа салады. Ал, чемпиондар 29 тамыз күні Астана қаласында анықталады.