#qyzylordatv

Қызылордалық полицейлер көлік жылдамдығын әуеден бақылауға кірісті. Әрине, дронның көмегімен. Бүгінде облыс аумағындағы республикалық маңызы бар жолдар бақылануда.

 Соның нәтижесінде Қарабұтақ–Қызылорда–Шымкент бағытындағы автожолда жол ережесін өрескел бұзған 27 жүргізуші анықталды. Олардың қатарында қарсы жолаққа шығып, желдей жүйткіген, қауіпті маневр жасағандар да бар. Барлығына әкімшілік хаттама толтырылып, іс сотқа жолданған. Ұшу апараттары енді облыстың апатты-қауіпті аймақтарында жүйелі түрде қолданылады.