#qyzylordatv

«Аманат» партиясының бастамасымен елімізде «Жер аманаты» жобасы жүзеге асырылып келеді. Осы бастама арқылы кезінде заңсыз берілген жер телімдерін мемлекетке қайтару көзделген. Қазірдің өзінде Сыр өңірінде 300 мың гектардан аса жер телімі мемлекет меншігіне кері қайтарылып, оны тиімді пайдалану тетігі таразыланып жатыр.

Жалпы, бұл соңғы 3 жылда атқарылған жұмыс нәтижесі. Партиялық жоба аясында биыл да қыруар шаруа қолға алынбақ. Мәселен, облыс бойынша заңсыз берілген немесе пайдаланылмаған 60 мың гектар алқапты кері қайтару көзделіп отыр. Осыған дейін жүргізілген жоспарлы жұмыс нәтиже бере бастады. Өйткені, қайтарылған алқаптар мал өсіріп, егін егуге ниетті азаматтарға берілуде. Сырдариялық Қожахмет Сүйіндіков осы бастаманың игілігін көрген шаруа. Қарапайым еңбеккер «Жер аманаты» жобасы аясында 320 гектар жер теліміне ие болып, шағын шаруашылығын дөңгелетіп отыр.

 ҚОЖАХМЕТ СҮЙІНДІКОВ – АЙДАРЛЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ / «Жер аманаты» жобасы аясында аудандық «Аманат» партиясына барып, өтініш айтып төрт түлік малды асыру жөнінде ұсыныс тастадым. Сол жоба аясында 320 гектар жер алып, міне осы арада кәсібімді бастап жатырмын. Қазір ірі қара, жылқы малын ұстап отырмыз жанұямызбен.../